Created: 11 Маусым 2020
47

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әлеуметтік желілерде әдепті сақтауы жөнінде жиналыс өткізілді

А.ж. 09 маусым күні ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің 26.05.2020 ж. № 3-10-868 хатына сәйкес, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әлеуметтік желілерде әдепті сақтауы жөнінде жиналыс өткізілді. Жиналыс облыс өңірінде короновирустық инфекциясына қарсы, сақтық шараларын күшейтуіне байланысты қашықтықтан онлайн режимінде өткізілді. Жиналысқа инспекция басшысы қалалық, аудандық аумақтық инспекция басшылары және мамандары, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі, кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшылары мен мамандары қатысты. Жиналысты инспекция басшысы К.С.Машырыков ашып, Әдеп жөніндегі уәкілі А.У.Мендигерееваның баяндамасымен жалғасты. Агенттікте, Департаментте әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіп отыратындығын, яғни бақылап отырғанын ескертіп, осыған байланысты аталған Департаментпен жүргізілген мониторинг барысында жекелеген мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан сыни көзқарастың қалыптасуына алып келетін посттар мен пікірлердің жариялану деректері анықталғанын, орын алып отырған мұндай жағдайлар мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсерін тигізетіндігін атап өтті.

Сондықтан, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының тапсырмасымен жасақталған мемлекеттік орган қызметшілерінің интернет желілерде, әлеуметтік желілер мен блог платформаларда жұмыс жасау жадынамасы таныстырылды және түсіндірілді. Мемлекеттік қызметте жүргеннен кейін, абыройымызды сақтап, арандатушылыққа жол бермей, жоғарыда аталған талаптарды сақтауға шақырды.